"Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі"
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "№ 3 орта мектебі" КММ 9 сынып оқушылары арасында "Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі" тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру сұхбаты өткізілді. Әңгіме мақсаты: оқушыларға экстремизм құбылысы туралы түсінік беру. Ақпараттық әңгіме барысында тарих пәнінің мұғалімі Г. А. Абдулина оқушыларды Қазақстандағы тыйым салынған діни ағымдармен таныстырып, оқушыларды деструктивті діни ағымдарға тарту әдістері мен тәсілдерін талқылады.