Городской семинар-практикум «Современные технологии как средство повышения качества образования»
2022 жылдың 24 ақпанында ШҚО білім басқармасының Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің "№3 орта мектебі" КММ-де «Заманауи технологиялар білім беру сапасын арттыру құралы ретінде" тақырыбында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдерге арналған қалалық семинар-практикум өтті. Семинарға қала мектептерінің мұғалімдері шақырылды. Семинар-практикумның мақсаты: білім беру сапасын арттыру мақсатында заманауи технологияларды қолдану қажеттілігі мен мүмкіндігін ұғыну. Семинар барысында №3 ЖОМ мұғалімдері заманауи жұмыс әдістемесімен бөлісті, сабақтың әртүрлі кезеңдерінде шеберлік сабақтарын көрсетті, осылайша қала мектептерінің мұғалімдері арасында қолайлы жағдай туғызды. Семинарға қатысушыларға Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы сертификаттары берілді. Семинар-практикум жоғары деңгейде өтті.